Аймақтар • 29 Мамыр, 2017

Солтүстік Қазақстанда  «Экологиялық марафон» акциясы бастау алды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірінде  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Экологиялық марафон» акциясы басталып, бір жылға дейін жалғасатын болады.

Солтүстік Қазақстанда  «Экологиялық марафон» акциясы бастау алды

«Кез  келген жерден калькулятор, принтер, құлаққап, пернетақта секілді  істен шыққан электронды техникаларды көптеп кезіктіруге болады. Жұртшылық олардың жөндеуге келмейтінін білгенмен, қайта өңдеуге болатынынан хабарсыз. Сондықтан  макулатура  ретінде  өткізіп,  мұндай қалдық заттарды кәдеге асыруға болады. Акция сол үшін ұйымдастырылып отыр», дейді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Қуан Есімов.

Енді акция аясында жарамсыз элнетрондық және электр аспапарын  «Вторчермет» ЖШС еш кідіріссіз қабылдай алады. Олардың құрамында  адам ағзасына қауіпті химиялық заттар болғандықтан, Алматыға арнайы өңдеуге жіберіледі. Ал тапсырушы тұлғаларға сый-сияпаттар көрсетілетін болады.

«Вторсырье» кәсіпорнының директоры Қайыржан Айсиннің айтуынша, «Экологиялық марафон» акциясына қатысып, қажетсіз дүниелерді тапсырған мекемелерге кеңсе тауарларына және көшетке сертификат беріледі. Шараның басты мақсаты – ауаны ластамау. Бүгінге дейін 40 тонна макулатура мен 4 тонна электрондық техника қабылданыпты.

Акцияға қатысушылар үшін  "Сокол" және "Корона" сауда нүктелерінде қабылдау пункттері жұмыс істейді.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»